Мектеп апталығы аясында 1 – 4 ақпан күндері мектебімізде дәстүрлі түрде мектеп әндері фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Қатысушылар мектеп, балалық шақ, достық туралы әндерін орындады. Іріктеу кезеңінен өткен сынып ұжымдары 10 ақпан күні өз өнерлерін көрсетеді.