Соңғы қоңырау
Бүгін мектебімізде соңғы қоңырау соғылды. Дәстүрлі түрде мектебіміздің ішкі ауласында барлық сынып ұжымдары мен ұстаздар қауымы жиналды. Осы салтанатты шараның басты кейіпкерлері 11-сынып оқушылары. Мектебіміздің өзін -өзі басқару орталығының мүшелері флэшмоб сыйлады. Мәжіліс залында 11-сынып оқушылары өз күштерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.