Сұхбаттасу сағаты
2017 жылдың 8 қыркүйегінде №11 МҮЖОБББМ-де мектеп директоры Динара Жоломанқызы Темірханова оқушылармен сұхбат жүргізді.
Сұхбаттасу сағаты 3,4,5,6 және 7 сыныптары бойынша келесі мәселелер көтерілді:
- мектептің бес күндік шеңберіндегі ұйымдастыру жұмысы;
- құқық бұзушылықты алдын алу;
- мектептегі тәртіп ережесі;
- жол жүру тәртібі және қауіпсіздік техникасы.
Сұхбаттасу сағатын мектеп инспекторы М.А. Ниязбекова толықтырды.
Құқық бұзушылықты алдын алу, мектеп жарғысын ұстану, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 22:00 кейін жүрмеуі, сенсорлық ұялы телефондарды ұстамау, балағат сөздердің айтылмауы жөнінде сөз қозғалды.