Рөлдік ойын
20 жылдық қарсаңында дәстүрлі өтетін Даңқ апталығы рөлдік ойынмен басталды. Биыл Даңқ апталығы Павлодар облысының 80-жылдығына арналады. Рөлдік ойынның тақырыбы - «Сарыарқаның тоғысқан уақыты». 8-11 сынып оқушылары облысымызды және оның тұрғындарын әр түрлі кезеңде көрсетті: көне тайпалары, ХХ ғасырдың 40-жылдары, алғашқы тың игерушілері, қазіргі Павлодар. Рөлдік ойынның қорытындысын 25 кыркүйек күні Даңқ апталығының жабылуында шығарады.