"Мектеп каскады"
2017 жылғы 14-15 қазан шахмат бойынша «Мектеп каскады» атты облыстық жарысы өтті. Осы жарыс шеңберінде шахмат ойынының бес түрі бойынша ұйымдастырылды. Павлодар облысынан барлығы 38 мектеп қатысты. №11 МҮЖОБББМ атынан 7б сынып оқушысы Кертаев Натан және шахмат мұғалімі Кононенко В.Н қатысты. Екі күн қатарынан қызықты да, тартысты ойын болды. Жарыс нәтижесі бойынша №11 МҮЖОБББМ командасы швед шахматы және қосжүріс шахматында максималды ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Тасты беріп ойнауда №11 МҮЖОБББМ командасы 1-4 орынды, ал дойбы ойынындағы тасты беріп ұту алудан 1-5 орындарды өзара бөлісті. Жалпы біріншілік ойынның бес түрінен мектеп командасы 1 орынға ие болып, ЖЕҢІМПАЗ атанды.