Қамқоршылар күніне орай 1-А сыныбында «Балалардың қолынан – жылулықтың бір бөлігі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: балалардың мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру.Оқушылар жұмыс барысында мейірімділік деген не, бұл сөз қайдан шықты, не үшін мейірімді болу керек және мейірімділік не үшін қажет сұрақтарына жауап берді. Оқушылар жұппен жұмыс істеу барысында мақал құрастырып, топтық жұмыста мейірімділік ережесін құрастырды. Сынып сағатының шарықтау шегінде оқушылар қолдан жасалған бұйымдарын бір-бірлеріне сыйлап, жақсы тілектерін айтып, «мейірімділіктің бір бөлігімен» бөлісті. Шараның соңында «Что такое доброта» әні орындалды. Бірініші сынып оқушылары мейірімге толы, көңілді және танымды, қызықты және таңғаларлық көңіл-күймен І тоқсанды аяқтады.
1-А сынып жетекшісі: Мотуз Людмила Васильевна
«Балалардың қолынан – жылулықтың бір бөлігі»