16 қарашада 4-Б сынып оқушылары сынып жетекшілері А.К. Әлкеева, ата-аналары Журихина Н.В., Лепихова Н.В. бірге Багаев атындағы мұражай-үйге барды. Мұражай-үйге жасалған қызықты экскурсия кезінде оқушылар Дмитрий Багаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы көп мәлімет алды. Мұражайдың мақтанышы болып тұрған ең үлкен фотоаппаратты көрді. Балалар Багаев атындағы мемориалдық мұражай-үйі 2001 жылы ашылғаны жайлы ақпарат алды, ал Дмитрий Поликарпович Багаевтың қызметі өзінің анықтауымен «Сурет жай ғана ермек емес, сурет – уақыттың куәсі» дегенді жүзеге асыруға бағытталғаны туралы білді. Багаевтың жұмыстары Қазақстанда ғана емес шет елдерде де танылған.
4-Б сынып оқушыларына экскурсия туған қаламыз жайлы көп жаңалық алуға мүмкіндік берді.
4-Б сынып жетекшісі: Әлкеева А.К.
Багаев мұражайында