Рекордтар күні

№ 11 МҮЖОБББМ 13 қарашада өте ерекше күн болды – мектептің рекордтар күнінде оқушылар өз қабілеттерін көрсетті.
Барлық оқушылар «Армрестлинг», «Дартс», «Стойкий оловянный солдатик», «Закрутиха» спорт алаңдарына қатысты, демек күш сынасу, мергендік , тұрақтылық пен өзін-өзі бақылау сияқты қабілеттерін көрсетті. «Кубик-рубик», «Чтец» сайыстары да оқушылардың қызығушылығын арттырды. Осы сайыста оқушылар білімдерін ойын түрінде бекітті. Бұл күн өте қызықты да, көңілді өтті, себебі әр оқушы өз қабілеттерін жан-жақты көрсете алды.