15.03.2018 жылы №11 МҮЖОБББМ 9-10 сынып арасында «Кел, сайысайық!» атты сайыс өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шиянбина Ж.Ж. дайындады.
Байқау төрт кезеңнен:
Таныстыру.
Сен білесің бе?
Жорға.
Полиглот.
Бірінші сайыста оқушылар бір-бірімен танысып, өз командаларының атын айтты.
Екінші сайыста оқушылар қазақ мәдениеті саласындағы сұрақтарға жауап берді.
Үшінші сайыста белгілі бір уақыт ішінде оқушыларға он мақал айту ұсынылды.
Соңғы «Полиглот» сайысында оқушылар атаулардың атын үш тілде айтты.
Оқушылар қазақ тіліндегі білімін практика жүзінде көрсетті. Олар әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады.
Осы сайыстағы барлық қатысушылар қазақ мәдениеті, тарих және грамматика салаларынан қосымша білім алып, өте жағымды әсер алды.
«Кел, сайысайық!»