Жылдың қорытындысы

24 мамырда 11 МҮЖОБББМ модулдік дәстүрлі линейкалар, сынып сағаттары мен спартакиадалар өткізілді. Линейкада осы жылдағы мектептің әр модулінің өмірі жайлы шығармашылық есеп беріліп, әртүрлі номинацияда оқушылар марапатталды, ата-аналар да еленді. Сынып сағаттарында оқушылар оқу нәтижелерімен, келесі жылдың жоспарларымен танысып, өз-өзін ұстау ережесін және техника қауіпсіздігін қайталады. Күн мектептің барлық сыныптары қатысқан спартакиадамен аяқталды.