Болашақты қорғаудың психологиялық қызметі
Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылдың 5 қазанындағы жолдауында бүгінгі күндегі психологиялық қызметтің жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Психолог - жанның сауықтырушысы, ол баланың өзіне және өз мақсатына жетуге көмектеседі, маңызды және қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі. Сондай-ақ, педагогикалық үдерістегі қатысушылардың арасындағы даулар мен қақтығыстарды шешуге мектеп психологтары көмектеседі (оқушы-ата-ана-мұғалім). Психологиялық қызметтің жұмысы өте жауапты және қиын. Сондықтан елдегі психологиялық қызметтің дамуына мемлекеттің қолдауы және көмегі қажет. Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз, сондықтан олар психологиялық қауіпсіздікте өсу үшін олардың рухани үйлесімдіктері мен өмірлік мақсатары өте маңызды.