Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік онкүндігі аясында «Шығарма» және «Әдеби шығармалардың парақтары» сияқты түрлі сайыстар өткізілді. Сайысқа қатысу барысында оқушылар өздерін жан-жақты көрсете алды.
«Шығарма» жазу үшін балаларға «Менің сүйікті мектебім» атты эссе тақырыбы ұсынылды. Балалар шығарманы жазуда өздерінің ынта-ықыласын білдіріп, туған мектепті суреттеуде асқан шешендік шеберліктерін көрсетті. Оқушылар мектеп қабырғасында іс-шараларға қалай дайындалытынын, күнделікті өмірін қалай өткізетінін, мектеп тәртібін бұзуда қалай жауап беретінін, сондай-ақ жолдастарының табысына қалай қуанатынын жеткізе білді. Ең бастысы, балалардың аса бағалайтын дүниесі, ол мектеп құрбы-құрдастарының бір-біріне деген үлкен сыйластықты көрсете білуі. Мектеп – білім нәрімен сусындататын, қарым-қатынас жасауда жағымды әсер алудың ордасы болып табылатынын, оқушылардың басым көпшілігі жадында сақтайды.