Сенім телефоны
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ҚЫЗ ӨССЕ, ЕЛДІҢ КӨРКІ» АТТЫ ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ
17-03-2019 21:33
«ҚЫЗ ӨССЕ, ЕЛДІҢ КӨРКІ» АТТЫ ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ
 
2019 жылғы 15 наурыз күні «Павлодар қаласының № 11 модульдік
үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» ММ «Қазақ тілі мен
әдебиеті» апталығы аясында «Қыз өссе, елдің көркі» атты байқауы өткізілді.
Оған 5-6 сынып оқушылары арасында 10 қыз бала қатысты.
Байқау кезеңдері:
1. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен». Таныстыру сайысы.
2. «Өнерлі өрге жүзер». Өз өнерін көрсету сайысы.
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді». Салт-дәстүрлерге байланысты
сұрақ-жауап.
Көрермендер арулардың өнерлерін тамашалап қана қоймай, ду қол
шапалақпен қошеметтеп отырды. Ару қыздар бірі қылығымен, бірі
өнерімен, ал біреуі сөз шеберлігімен әділқазы алқасын және көрермендерді
тәнті етті.
Байқау қорытындысы бойынша қыздарға 5 аталым берілді:
1. 5 «Г» сынып оқушысы Маненова Дильназ – «Сымбатты ару».
2. 6 «А» сынып оқушысы Кайруллина Мадина – «Сүйкімді ару».
3. 6 «Б» сынып оқушысы Мучкина Анна – «Өнерлі ару».
4. 6 «Г» сынып оқушысы Жунусова Сабина – «Ажарлы ару».
5. 6 «Д» сынып оқушысы Омарова Сабина – «Көңілді ару».
Келесі кезеңге 5 қыз өтті. Байқау қорытындысы 19 наурыз күні
шығарылатын болады.
Емельянова Светлана – 5 «Д» (1 орын);
Боранбаева Жания – 5 «А» (2 орын);
Ахметова Томирис – 5 «В» (2 орын);
Айтмулдина Айша – 5 «Б» (3 орын);
Шевёлева Татьяна – 6 «В» (3 орын);
Жүлдеге ие болған аруларды құттықтай отырып, келесі кезеңге өткен
қыздарға табыс тілейміз.
 
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: С.Е. Омарова
Н.О. Бабажанова