Х халықаралық акциясы аясында «Сұрапыл соғыс туралы оқимыз» оқулар сайысы өткізілді. Мақсаты: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетінің үздік үлгілері арқылы өскелең ұрпақ және жастар бойында азаматтық ұстаным қалыптастыру. Павлодар қаласының күні № 11 модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің кітапханасында қазақстандық және ресейлік авторларының танымал шығармаларына шолу жасалып, сұхбат өткізілді. Бүгін 4 «Г» сынып оқушылары арасында «Батырларға тағзым» деген ниетпен С. Алексеевтің әңгімелерін оқыды.
Іс-шара Ұлы Жеңіс тіркесінің мағынасын анықтаумен басталды. Ұлы Отан соғысындағы Кеңес одағы батырларының ерлігі туралы бірер сөз айтылды. Балалар Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен қаза тапқан ата-бабалары туралы әңгімелерімен бөлісті. Кітаптар көрмесі және әскери тарихи материалдарға кітапханалық шолу жасалды.