Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 35 жылдығы.
1986 жылы 26 сәуірде адамзат тарихындағы ең ауыр апат болды. 35 жылдан кейін бұл күн бізді адам қызметінің ықтимал салдары туралы, өз өмірін қатерге тігіп, әлемді радиоактивті апаттан құтқарған адамдар алдындағы қарызымыз туралы ойлануға мәжбүр етеді. Мектепте 8-11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның арнайы қонағы "Чернобыль-Павлодар Одағы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Чернобыль АЭС –ының зардаптарын жою тобының қатысушысы -Ахметжанов Жадыгер Нығметұлы.
Мектеп оқушылары апат экспонаттарымен танысты.