Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауғанстан жанымды ауыртады...» ерлік сабағы.
10 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанстан жанымды ауыртады...» атты ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына келесі қонақтар қатысты: «Павлодар және Павлодар облысындағы Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері» қоғамдық қорының төрағасы Майкотов Байғабыл Нұртайұлы, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Төлеген Жамитұлы Қоқымбаев. Исенов Марат Қабдылмәжитұлы, Веденеев Юрий Данилович, Калмагоров Николай Петрович – Ауған соғысының ардагерлері.
Залға жиналғандар марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. . Оқушылар Ауған соғысы жайлы мәлімет алып, сол оқиғалардың тікелей куәсі болған азаматтардың естеліктерін қызығушылықпен тыңдады, қызықты сұрақтар қойды. Кездесу соңында ардагерлер оқушыларға оқуда әрқашан алға ұмтылып, елінің лайықты азаматы болуға тілек білдірді.