Мектептегі Жаңа жылдық мерекелер
Балалар үшін Жаңа жыл - ертегілер мен ғажайыптар уақыты. Бұл уақытта балалар Аяз атаның, Ақшақардың келуін және әрине сыйлықтарды күтуде.
Оқушылар мерекеде көптен күткен қонақтарды - Аяз ата мен Ақшақарды үлкен қуанышпен қарсы алды, олар тек көрермендер ғана емес, сонымен қатар мерекеге қатысушылар болды: көркемөнерпаздар өнерлерін көрсетті, байқауларға қатысты, ән айтты, би биледі. Мереке өте көңілді өтті. Шара барысында ата-аналар балалардың шынайы күлкілері мен қуанышты көздерін байқады.
Биылғы жыл тек жақсылық әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, шынайы бақыт және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз