Семинар-практикум

6 қаңтар күні мектебімізде базасында «Көркем еңбек сабағында оқу-тәрбие үрдісін қызықты әрі тиімді ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті.Семинар модераторы №18 ЖОМ-нің еңбек пәні мұғалімі Дегтярева Галина Сергеевна болды. Семинарда тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері көрсетілді, сонымен қатар әртүрлі техникада портреттер сериясын жасау бойынша практикалық жұмыстар ұсынылды. Семинарға қала мұғалімдері қатысты.