Ата-аналар арасында волейболдан жарыс

2023 жылдың 14,15 қаңтарында №41 орта мектепте қала мектептерінің ата-аналары арасында қалалық волейболдан жарыс өтті. 5 ата-аналар командалары жылдамдық, күш және қозғалыстағы дәлдік бойынша жарысты. №18 орта мектептің ата-аналар командасы тамаша нәтиже көрсетіп, басқа командаларға жеңіске мүмкіндік қалдырмай, барлық ойындарда жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. №18 орта мектептің ата-аналар командасын құттықтап, спорттық жеңістер тілейміз!