Тәрбиелік сағаты
24 қаңтар күні 4 көпшілік кітапханасы №18 ЖОББМ бірге оқушылар және жас мамандар арасында «Қазақтың салт-дәстүрін» дәріптеу мақсатында «Сағым жылдар» атты әжелер ансамблімен тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Ансамбльдің жетекшісі Бақытжамал әже Елеукенқызы бастап сөз алып, бүгінгі жастарымызға салт-дәстүрді дәріптей отырып көптеген қызықты оқиғаларды әңгімелеп, әндерін орындап, отырыстың берекесін аша түсті. Ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуда алдарына жан салмай, уақытпен санаспай өнерімен танылып жүрген әжелер, талай байқау-көрмелерге қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттап келеді. Қандай ауқымды іс-шара болмасын, мерекенің сәнін келтіріп жүрген ансамбль мүшелері, қазақы дәстүрмен шашу шашып, керемет әндерімен мәдени шараның шымылдығын ашу дәстүрге айналған.