Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Көктем аруы-2023"
10-03-2023 10:43
Мектебімізде 8-наурыз қарсаңында мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сыныптар арасында "Көктем аруы-2023" атты қыздар арасында сайыс өтті. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын, білімін қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт- дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Сайыс қазақтың салты бойынша шашу-шашумен ашылды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар өте үлкен дайындықпен келіп, білімдерін, өнерлерін көрсетті. Сайысты арнайы әділқазылар бағалап, қорытындысы бойынша: «Көктем аруы-2023», «Бас жүлдесін» - 2 «А» сынып оқушысы Аушахманова Жанель жеңіп алды. 1 - орын - Нургалиева Малика - 4 «А» сынып оқушысы, 2 - орын - Серікқызы Балжан 1 «А» сынып оқушысы, 3 - орын - Еркебуланова Рамина 2 «A» сынып оқушысы алды. 
 
1 «А» сынып оқушысы - Асимова Альфия - «Әдемі де көркем,  жылы жүректі қыз»,  3 «А» сынып оқушысы - Қадыр Мерей - «Көктемдей құлпырған ару», 3 «А» сынып оқушысы - Тыныбекова Айару - «Ақ пейілді де, инабатты қыз», 4 «А» сынып оқушысы- Жұмажан Назерке - «Көктемнің ақкербез аруы» номинацияларына ие болды.