Гуманитарлық ғылымдар апталығы
Гуманитарлық ғылымдар апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі А.С. Муканов 11 «А» сыныбында "Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII - XX ғасырдың басы)"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар әр халықтың ұлттық киімдерің, тағдырдың қалауымен Қазақстан екінші үйіңе айналған түрлі халықтарды таныстырды. Сондай-ақ, оқушыларға орыс, беларусь, неміс, болгар, украин, татар және корей халықтарының салт-дәстүрлері мен тағамдарын ұсынды.