«Ауғанстан жанымды ауыртады...» атты ерлік сабағы
6 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан жанымды ауыртады...» атты ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына келесі қонақтар қатысты: Майкотов Байғабыл Нұртайұлы, «Павлодар және Павлодар облысындағы Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері» қоғамдық қорының төрағасы, Қоқымбаев Төлеген Жамитұлы- «Павлодар және Павлодар облысындағы Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары. Емельянов Сергей Викторович-Ауған соғысының ардагері. Липин Николай Александрович- ұстаздық еңбек ардагері.
Залға жиналғандар марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ естілген ойлы сезім атмосферасы қалыптасты. Оқушылар Ауған соғысын бастан өткеріп, сол оқиғалардың тікелей куәгері болған азаматтардың естеліктерін қызығушылықпен тыңдап, қызықты сұрақтар қойды.