1 Қыркүйек - Білім күні!
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.
1 қыркүйекте мектепте салтанатты сап түзілді. Салтанатты жиынға Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Жолдыбаева Нагима Назымбековна және Павлодар қаласы солтүстік полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Омарбеков Нұрғали Нұржанұлы қатысты.
Білім күні – білім мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Биылғы оқу жылы барлық мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына көптеген жаңа білім, табыс және қуанышты сәттер әкелсін!