«Nauryz chess fest - 2026»
18 наурыз күні мектебімізде айтулы мереке қарсаңында «Nauryz chess fest - 2026» шахмат турнирі жоғары деңгейде өтті.
Бұл жай ғана жарыс емес, нағыз зияткерлер додасы болды! Қатысушылар тек тақта үстінде ойнап қана қоймай, қиын шахмат есептерін шешіп, арнайы тест тапсырмалары арқылы өз білімдерін сарапқа салды.
Турнир қорытындысы бойынша ең үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
