Батырларымыздың ерлігі — ұрпаққа аманат, елге мақтаныш
Қазақстан халқының ерлігі мен батырлығын дәріптеу мақсатында 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп оқушылары Қанаш Қамзин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қанаш Қамзин — елін, жерін қорғауда ерлік көрсеткен батыр тұлға. Оның қайсарлығы мен отансүйгіштігі кейінгі ұрпаққа үлгі болып табылады. Батырдың есімі ел жадында мәңгі сақталып, жас буынға рух береді.
Іс-шара барысында оқушыларға патриоттық тәрбие беріліп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі насихатталды. Батырларымыздың ерлігі — ұрпаққа аманат, елге мақтаныш
