Оқу-дала жиындарының екінші күні
Бүгін КММ «№18 жалпы орта білім беру мектебі» базасында Павлодар қаласының №18, №41 жалпы орта білім беру мектептері, Жетекші жалпы орта білім беру мектебі және Қ. Бекқожин атындағы мектептің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиындарының екінші күні өтті.
Жиын бағдарламасы аясында жасөспірімдер тактикалық және саптық дайындық бойынша тәжірибелік сабақтардан өтіп, әскери машықтың негізгі элементтерін, тәртіп пен үйлесімді іс-қимыл дағдыларын жетілдірді.
Сондай-ақ қатысушылар үшін Жауынгерлік Даңқ музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Музей барысында оқушылар Ұлы Отан соғысына арналған жәдігерлермен танысып, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығы туралы мол мағлұмат алды. Экскурсияға білім беру бөлімінің әдіскері Райсов Қ.С. қатысты.
