«Бір көргеннен ғашық болу ...информатикаға»
Нақты ғылымдар апталығы шеңберінде информатика пәні мұғалімі М.В.Иванникова 9 сынып оқушыларына «Бір көргеннен ғашық болу ...информатикаға» ойынын өткізді.
Ойын мақсаты – пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, информатикадан білімдерін шыңдау.
Оқушыларға информатикадан, бағдарламалаудан, ТҚ, ЭЕМ құрылғысынан тапсырмалар берілді. Ең есте қалатын сайыс түрі ол – шығармашылық сайысы болды, онда оқушылар информатика жайлы өлеңдерін оқыды. Жеңімпаздар – 9Б сыныбының оқушысы А.Асямова және 9 А сыныбының оқушысы Т.Шакиров атанды.