«Соғысты жеңген ардагерлер!»

Ұлы Жеңіс күні мерекесі аясында «Соғысты жеңген ардагерлер!» тақырыбы бойынша мектепте оқушылар арасында байқау өтті. 5-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар біздің батырлар туралы рефераттар жазды. І орынды Тышканова Риза, ІІ орынды-Сандо Карина және ІІІ орын Живицина Милана алды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.