«Жыл мұғалімі» байқауы

11 мамыр күні «Жыл мұғалімі» байқауының екінші айналымы өтті.
Сайыс екі айналымнан тұрады. Бірінші кезең «Мен сабаққа шақырамын», мұғалімдер біліктілікті арттыру курс бағдарламасы бойынша 7 модулден тұратын деңгейлік сабақтың түрлі кезеңдерінен сабақ беріп , екінші шығармашылық айналымына өтті. Екінші айналымда мұғалімдер өздерін таныстырып, шығармашылық, әртістік өнерлерін көрсете білді. География пәнінің мұғалімі Амиркаирова Заина Азаматқызы жеңімпаз атанды.