Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қош келдің, жайдарлы жаз!
01-06-2017 09:37
Қош келдің, жайдарлы жаз!

Міне, біз үшін де көптен күткен мейрам да келіп жетті. Бұл мейрам Халықаралық балаларды қорғау күні мен әлемдегі бейбітшілікті сақтауға арналады.
2017 жылы Қазақстанда үлкен тарихи оқиғалар орын алуда: бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығын тойлау, Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізу. Сонымен қатар бүгін «Жайдарлы жаз - 2017» мейрамының алғашқы күні. Бұл үлкен, қуанышты мерекенің әрбір күні қызықты,әсерлі, көркем оқулықтың жаңа парағы сияқты ашылады.
Біздің мектепте бұл күні «Балалық шақ аралы» атты мектеп ішіндегі лагерь өз есігін айқара ашты. Балалармен бірге ата-аналар мерекеге арналған салтанатты жиынға келді. Салтанатты жиыннан кейін балалар «Мен өмір сүретін әлем!» атты асфальтқа суреттер салды; «Денсаулық поезді» станциясы бойынша ойын; көңілді старттар; Кішігірім олимпияда ойындары бойынша іс-шараларға қатысты.
Мейрамның соңында барлық балаларға тосын сый жасалды. Әрбір бала өзі қалаған жазғы, тәтті сыйлыққа, яғни балмұздаққа ие болды. Бұл мейрам барлық балалардың көңілінен шықты.