«Бағдаршамда қонақта»
Викторина
Тақырыбы: «Бағдаршамда қонақта»
Мақсаты:
ЖЖЕ сұрақтары бойынша оқушылардың білімдерін насихаттау. Жолда жүру ережелерін қайталау. Танымдық және шығармашылық қызметті белсенді ету. Өзін-өзі сақтау сезімін тәрбиелеу
4 отрядтың тәрбиешілері «Бағдаршамда қонақта» тақырыбы бойынша викторина өткізді. Балалар берілген сұрақтарға белсенді жауап берді. Осы тақырып бойынша жұмбақтар шешті. Сондай-ақ жол жүру ережелері тақырыбы бойынша ролик көрсету ұйымдастырылды. Викторинаның соңында барлық отрядтың балалары жол жүру ереже белгілерінің суретін салды және әрбір белгі бойынша түсініктеме берді. Отрядтар 1,2,3 орындарға ие болып, марапатталды.