Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш президент ақпараттық сағат
27-11-2017 09:07
Тұңғыш президент ақпараттық сағат

2017 жылдың 25-ші қарашада 7 «а», «б», «в» сынып оқушылары арасында «Тұңғыш президент» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс- шараның мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Іс- шараның ең алғашқы кезеңі елбасыға арналған презентациямен басталды. Жұмыс түрі топпен жүргізілді. Жұмыс кезеңі 5 кезеннен тұрды. 1 кезең –жаттығу, 2 кезең- 5 жолды өлең жазу, 3 кезең- кластермен жұмыс, 4 кезең- сөзжұмбақ, 5 кезең-біздің елдің тарихы.
Осы шараның қызықты өтуіне сынып оқушылары белсенді ат салысты. Осыдан тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақтардың өсіп келе жатқанын байқауға болады.