Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қаржылық сауаттылық
23-02-2018 11:28
Қаржылық сауаттылық

2018 жылы 22 ақпанда №18 ЖОМ-де 8-11 сыныптар арасында «Кіріс және карталар» атты қаржылық сауаттылық туралы отырыс өтті. 8-11 сыныптардан 35 оқушы қатысты. № 249903 АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басшысы Апсалямова Жанна Базарбекқызы өткізді.
«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы банктер мен банк қызметі » және Қазақстанда 1991 жылы банк жүйесін құру Заңы қабылданғаны туралы айтып өтті.
Алғашқы теңгені Harrison&Sons Лондан зауытында бірінші айналым шығарылып, Қазақстанға жеткізілді және Германияда монеталарды басып елдегі барлық банктерге жеткізгені туралы оқушылар қызыға тыңдады.
Жанна Базарбекқызы Қазақстандағы банкноттарды үш рет әлемдегі ең үздік деп танылғаның атап өтті. (2011, 2012, 2013 ж.)
Оқушыларға 500 теңгелік банкноттың үлгісінде әртүрлі дәрежедегі қорғанысы туралы айтылып, көрсетілді. Әр оқушы ультрафиолет шамның астында банкноттың түпнұсқасын тексеріп көрді. Оқушылар келесі кездесуді күтуде.