1-ші Наурыз - Алғыс күні!
2-ші «А» сыныбында 1 наурызға арналған сынып сағаты өтті. Оның мақсаты – Қазақстанда жаңа мереке туралы түсінік беру; «Халықтың алғыс күні» туралы ұғымын кеңейту; балалардың мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынастарды дамыту үшін маңызды екенін түсіндіру. Сынып сағатында оқушылар әлемнің әр түрлі елдерінде амандасу салтымен бір-біріне алғыс білдіріп; топтық жұмыс істеді; бейнебаян тамашалап, постерлерді бояды.