1 наурыз –Алғыс күні
Оқушылар барлық мектеп қызметкерлерін алғыс күнімен құттықтады. Балалар жылы лебіздерін білдіріп «Түймедақ » сыйлады.
Бұл күні, отбасыңызбен және достарыңызбен бірге уақыт өткізіп, бір-бірлеріне алғыс айту қажет. Ата-аналарға өмір сыйлағаны үшін, балаларға өз жетістіктерімен қуантқаны үшін, мұғалімдерге балаларды жетістікке жетелеп, өздерінің оқушыларын мақтан тұтатыны үшін алғыс айту қажет. Алғыс күні – жаңадан дос тауып, достасып , бір –бірінен кешірім сұрап жақсы қарым – қатынаста бола білу қажет. Алғыс білдірген сайын бүкіл әлем гүлдене түседі