2018 жылы 4-5 сәуір күндері ИнЕУ колледжінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының негізі» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (9-11 сынып) оқушылары мен студенттерінің арасында ІІ Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – оқушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру.
Павлодар қаласының №18 ЖОМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10 «А» сынып оқушысы Батрачина Аделия «Мектеп археологиялық зертханасының және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиенің рөлі» тақырыбында, «Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар » бағыты бойынша 30 студент пен мектеп оқушылары қатысқан конференцияда 1 орынды иеленді.
Павлодар қаласындағы №18 ЖОМ-де «Асыл мұра» археологиялық және этнографиялық зертханасы жұмыс жасайды. Мектепте зертхананың болуы тарих сабақтарында археологиялық материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Павлодар қаласының №18 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Гамирова Елена Анатольевна.