«Құқықтық турнир»
№18 жалпы орта білім беру мектебінде 8 -9 сынып оқушылары арасында «Құқықтық турнир» атты ойын өткізілді. Оқушылар заң негіздерін жақсы білетіндіктерін және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Әділқазылар алқасына біздің мектепке келген қонақтар: сот жүйесінің ардагері М.А.Иванова, Павлодар қаласының №1 соттың судьясы Машанова Ж.Ж., кәсіби медиатор Седлецкая И.В., «Қоғамдық келісім» медиация орталығының басшысы Николашина О.Л., «Әлем» халықаралық медиация орталығының медиаторы Сутбаева А.Б құрамасы болды.