2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына орай көмек көрсету болып табылады.
Акцияны өткізу мектеп іс-шара жоспарына бойынша әлеуметтік қорғалмаған балалар туралы дерекқорды жинауға бағытталған рейдтер жүргізілуде.
Мектепте акцияның барысын көрсететін ақпараттық стенд бар. «Мектепке барар жол» акциясын өткізуге көмектесуге және қолдауға ата-аналарға аөтініш білдірді.
Іс-шара барысында педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитеті арқылы мектеп тауарлары, мектеп формасы, жылы киім, аяқ киім, спорт киімдері жиналды.
Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлері «Мектепке жол» акциясының белсенді қатысушылары болуға шақырады!