Дене шынықтыру апталығы

Дене шынықтыру апталығы аясында мектепте оқушылар арасында волейболдан жарыс өтті. Ата-аналар мен мұғалімдер, оқушылар құрама командалары арасында жолдастық кездесу өткізілді. Тартысты жарыста мұғалімдер командасы жеңіске жетті. Екінші орынға ата-аналар құрама командасы және үшінші орынға оқушылар командасы ие болды.