2018 жылдың 27-28 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың қатысуымен Бейбітшілік және Келісім сарайында VIII Азаматтық форум өтті. «Азаматтық қоғам және мемлекет»: Диалог. Серіктестік. Сенімділік. Павлодар облысының делегация құрамында «Майдан жолы» Павлодарлық іздеу және зерттеу отряды, қоғамдық бірлестігінің іздестіруші-зерттеуші № 18 мектептің тарих мұғалімі Мұқанов Асхат Смағұлұлы болды.Іс-шараға мыңнан астам ғылыми-өндірістік бірлестік өкілдері және мемлекеттік халықаралық ұйымдардың қоғамдық қайраткерлері, іскерлік орта, сарапшылар қауымдастығы және шетелдік қонақтар қатысты. Форум аясында 35 тақырыпта семинарлар, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, 20-дан астам министрліктер мен басшылардың кездесу форматында отырыс өткізілді.
VIII Азаматтық форум:«Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенімділік».