Туындының геометриялық және физикалық мағынасы
"Нақты ғылымдар" пән апталығы аясында 2019 жылғы 23 қаңтарда 10 «А» сыныбында математика мұғалімі А. С. Нургазинов «Туындының геометриялық және физикалық мағынасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңа материалды зерттеумен басталды. Сабақта тапсырма-карточкалары , топтық, жеке, интербелсенді жабдықтар қолданылды. Сабақ қойылған мақсатқа жетті.