Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
19-02-2019 10:13

2019 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Павлодар қаласының  №18 жалпы орта білім беру мектебі»ММ  «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты  онкүндік өтті.

Бірінші күннен бастап өзін-өзі тану мұғалімі Е. В. Дерюга ұйымдастырған  "Жақсы тілектер поштасы" өз жұмысын бастады.

2-12 ақпан аралығында С. А. Назарбаеваның туған күнін мерекелеу аясында "Мейірім төккен  ана" атты көрме мектеп кітапханасында "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның  қызметі  туралы  көрме ұйымдастырылды.

3 сынып оқушылары арасында "Сыпайылық еліне саяхат"атты ойын өткізілді. Мақсаты: ойын түрінде сыпайылық ережелерін  қайталау.

Апталық аясында 6 «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Т.Доскендировамен  «Самал» қоғамдық оңалту орталығына кездесуге барды. Оқушылар ойыншықтар, кітаптар, тәтті сыйлықтар ұсынып,  шағын концерт ұйымдастырды.

"Өзін-өзі тану" пәні  сыйластыққа, дербестікке, жауапкершілікке, өзара түсінушілікке,  ұжы және отбасы құндылықтарын  түсінуге  үйретеді.  Ал адамдарға   қуаныш, махаббат  беру  әрдайым  қажет, кез келген жағдайда, адамның  ішкі  әлемі бай, мейірімді болады, саған  адамдар  тартылып, өмір сүру оңай және қуанышты болады.