
Мектепте 8-10 сынып оқушылары арасында "ЭКО СROSS" акциясы өтті.Бұл іс-шараның мақсаты:оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауғажәне қоқыстарды жинау мәселелеріне тарту болып табылады.Акция басталар алдында жиын өтті. Әр сынып командасын таныстырды. Акцияға 8-10 сыныпоқушылардың6 командасы қатысты: "Экология", "Табиғат достары","Экосынып", "Табиғат бөлігі", "Экожолдас", "Табиғат әуесқойлары". Командақұрамалары акция шарттарымен танысып, тапсырмалар алды. "ЭКО СROSS" акциясының жеңімпазы 8"А"сыныбының " Табиғат достары", олар барлық станциялар бойынша кростың жоғары жылдамдығымен ерекшеленді, экологиялық сұрақтарға дұрыс жауап берді және ең бастысы-табиғатқа ұқыпты қарайтындарын айтты. "Табиғат достары" ретінде олар көп қоқыс жинады. 8 "А" қоқысты жинаудан басқа, бастамашылық пен тапқырлық танытып, "Терек аллеясы"бекетінде ағаштардың бағаналық шеңберін қалыптастыра отырып, қосымша ұпай жинады. Акция тұрғын үйлердің маңындағы аумақты абаттандыру бойынша халыққа үндеулер дайындаумен аяқталды.