Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
15-35 жас аралығындағы«Мәшһүр Жүсіп оқулары»
09-02-2020 18:37
15-35 жас аралығындағы«Мәшһүр Жүсіп оқулары»

   Павлодар облыстық ­«Мәш­­һүр­­­­ Жүсіп» орталық мешіті Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, дәстүрлі ­«Мәш­­һүр­ Жүсіп оқулары» қалалық байқауы өткізілді.

  Байқаудың басты мақ­саты – көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын наси­хаттау, осы арқылы жастар­дың иман­дылық тәрбиесіне ықпал ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру болып табылады.
Байқауға қатысушылар дала ғұламасы, дін қайраткері, ағартушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жырсандықта көрсетілген өлеңдерінен жатқа айту; дін тақырыбындағы шы­ғар­маларының мазмұнын айту және ақынға арнау өлең жазу сияқты үш кезеңнен тұратын сыннан өтіп, сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналған викторина сұрақтарына жауап беру. Осы айтылған үш кезеңнен сүрінбей өткен №18 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Акмарал Ельдбаевна Артыкпаеваға Павлодар облыстық ­«Мәш­­һүр­­­­ Жүсіп» орталық мешіті атынан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар дала ғұламасының Жаңажол ауылын­дағы көрнекті мұражайын аралап, осы ауылдағы «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» мешітінде және Ескелді шатқалындағы Мәшһүр Жүсіптің кесенесіне саяхаттады.