Жуырда мектебіміздің 5 "Б" сыныбында "Ана-мерей!" атты кеш өтті. Бұл кешке аналар, әжелер және ұстаздар қатысты. Оқушылар белсенділіктерін өздерінің үлкен дәрежедегі дайындығынан көрсетті. Әр оқушының анасына деген әрбір сөзі аналардың жүрегін елжіретті. Кешті сыныптағы ұлдар бастады. Ұлдардың сөзін қыздар сайысы жалғастырды. Сайыста сыныптағы балалардың бірлігін анықтаған достық жеңіп шықты. Қыздар өздерінің өнерлерін бимен, әнмен, әдемі қол өнерімен дәлелдеді. Оқушылардың аналары да шет қалмай жарысқа қатысып отырды. Әсіресе, қыздардың салған ана портреті мен аналардың салған қыз портреті бір- біріне сәйкес келіп, жүректерінің бір екенін анықтап көрсетті. Менің ойымша, бұл кеш аналардың көңілінен шықты деп ойлаймыз.
Сынып жетекшісі: Р. С. Куниязова