Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Көктемгі ізгілік апталығы
19-04-2011 09:06

18-сәуірден 25-сәуір аралығында "Көктемгі ізгілік апталығы" атты облыстық акция жүзеге асуда. 18 сәуір күні Оқушылар сарайының алаңыңда Павлодар қаласының балалар ұйымы старттық линейкаға жиналды. "Жалын" балалар ұйымы өз ұранын айтып, осы жұма аралығында қандай ізгілікті жұмыс атқаратындары жөнінде басқа ұйымдармен бөлісті. Дәстүрге айналған бұл акцияны оқушылар асығыстықпен күтіп, әр кезде көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Осы уақытқа дейін мектеп оқушылары апта негізінде бірнеше операциялар орындады. Атап айтсақ:

"Құстарды біз қорғаймыз"- акция аясында оқушылар арасында құс ұясын жасау сайысы мен  сурет сайысы өтті,

"Кітап емханасы"- атты операция негізінде оқушылар мектеп кітапханасына көмек көрсетті. Ал 16 сәуір күні мектеп оқушылары "Таза аула" акциясы аясында мектеп алаңың жинауға шықты.