2011 жылдың 10-қыркүйегінде Денсаулық күніне байланысты мектепішілік бұйрық бойынша спорттық іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырумен айналысу, дене шынықтыру пәніне оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
Жалпы бұл шараға 2-11 сынып оқушылары қатысты. 2-5 сыныптар бойынша қамтылған оқушылар саны : 600; 6-11 сыныптар бойынша қамтылған оқушылар саны: 412.
2-5 сыныптарға арналған спорттық шаралар мектеп алаңында өтті. 8 сынып оқушылары Ертіс өзенінің жағажайында өткен қалалық шараға қатысты. 6, 7,9,10,11 сынып оқушылары мен мұғалімдері Усолка шағын мөлтек ауданындағы жағажайға саяхатқа шықты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері құрастырған жоспар бойынша 2-5 сыныптар арасында таза ауа аясында «Көңілді эстафета», «Станциялық ойындар», «Эстафеталық жүгіріс», «Қиындықтарды өтеу» атты шаралар өтті. Ал 6-11 сыныптар жағажай жаңында «Көңілді старт», волейбол, арқан тартысу, футбол, армреслинг, эстафеталық жүгіру сияқты ойындарға қатысты. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен оралып, жақсы демалды.