1 наурыз- Алғыс айту күні аталып өтуде
Биыл мемлекетте ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Осы мерекеге орай Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 1-11 сыныптар аралығында «Алғыс айта білеміз бе?» атты сынып сағаттары өткізілді. Бұл мереке оқушылардың елімізде өмір сүріп жатқан ұлыстар достығына, түрлі ұлт өкілдерінің тарихына қызығушылығын оятып, азаматтық-патриоттық көзқарасының қалыптасуына ықпал етті.
Барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!