Оқушыларға арналған қаржылық сауаттылығын ашу сабақтары өтуде
Қазіргі заман талабымен жас өспірім балаларымызды тәрбиелейміз. Сол тәрбиенің бірі - алдымызға келген баланың сауаттылығын ашу, осы заманда ештеңеден мойымай, қиындықсыз алға жүруге үйрету. Осындай сәттер Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ-де жоғары дәрежеде өтіліп жатыр. Апта сайын 7-10 сынып оқушыларының арасында қаржылық сауаттылығын ашу сабақтары өтеді. Сабақ өте қызықты, мазмұнды. Жоғарыда аталған сынып оқушыларына қатты ұнайды, сондықтан болар, олардың бәрі қызығушылықпен қарап, келесі кездесуді асығып күтеді.